05 наурыз 2015 16:49

Шымкентте арнайы жасаққа үміткердің өліміне кінәлі подполковник 6 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kp.ru ©kp.ru

Шымкентте арнайы жасаққа үміткердің өліміне кінәлі подполковник 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте арнайы жасаққа үміткердің өліміне кінәлі подполковник 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталған подполковник сот үкіміне қатысты ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына шағым түсірген. Алайда сот алқасы 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды және оны подполковник шенінен айырды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2013 жылдың қараша айында №20030 әскери бөліміне қарасты "Арнайы жасақ" базасында, келісімшарт қызметінің бос лауазымына үміткерлерді іріктеу кезінде болған. Жаттығу жекпе-жегі кезінде 23 жастағы Олжас Сүлейменов басынан ауыр жарақат алды және есін жимастан ауруханада көз жұмды.

Сот-медицина сараптамасының нәтижесі бойынша арнайы жасаққа үміткер жабық бассүйек-ми жарақаты мен бас миының жаншылуынан қайтыс болған. Сонымен қатар, сарапшылар іштің тұйық жарақаты мен бауырдың зақымдағанын анықтады, сондай-ақ, оның кеуде, жамбас және сол жақ жіліншігінің қанталағаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети