15 қаңтар 2019 12:04

Шымкентте автобус коммуналдық қызмет жұмысшысын қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Otyrar.kz сайтынан Сурет Otyrar.kz сайтынан

Шымкентте коммуналдық қызмет жұмысшысы жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Шымкентте коммуналдық қызмет жұмысшысы жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жол апаты Темірлан тасжолында болған. Қоғамдық көліктің жүргізушісі "Тұрмыс" ЛТД компаниясының шамамен 40 жастағы жұмысшысын қағып кеткен. Ол қала көшелерін, жол жиегі мен тротуарларды тазалау жұмыстарымен айналысқан. 

© Otyrar.kz

Жол -көлік оқиғасы болғанға дейін әйел адам өзіне берілген аймақты тазалау жұмыстарымен айналысып жатқан. Жұмысшының үстінде жарық шағылыстыратын жолақтары бар сарғылт жейде болған. 


© Otyrar.kz

Жол апаты болған жерге полицейлер шақыртылды. Қала көшелерін тазалауға шығатын жұмысшылар өз ісін таңғы алтыдан бастайтыны белгілі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети