Шымкентте автокран 6 көлікті соқты

02 Ақпан 2016, 17:09
0
Шымкентте автокран 6 көлікті соқты - Kanat Baisov/YouTube
Kanat Baisov/YouTube

Шымкентте автокран 6 көлікті соқты, - деп хабарлайды TVK телеарнасы. Жол-көлік оқиғасы 2 ақпанда күндізгі уақытта Темірлан тасжолында болды.

Телеарнаның мәліметінше, автокран Бәйдібек би көшесінен бұрылып жатқан. Болжам бойынша, көліктің тежегіші істен шыққан. Көптонналық машина бірнеше жеңіл көлік пен "ГАЗель" жолаушылар көлігін соққан. Кейін автокран бағананы да соғып, ол құлап, жолды жауып қалған. Осыдан кейін қалааралық трассада кептеліс пайда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, абырой болғанда, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Оқиға орнына полицейлер шақыртылды. Апаттың нақты себебі анықталу үстінде. Жол бойындағы жағдай қалпына келтірілді.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай