Шымкентте бір әйелді қатыгездікпен өлтірді делінген күдікті ұсталды

06 Шілде 2015, 09:27
0
Шымкентте бір әйелді қатыгездікпен өлтірді делінген күдікті ұсталды -

Шымкентте полиция қызметкерлері бір әйелді қатыгездікпен өлтірді делінген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды TVK жергілікті телеарнасы. 

Шымкенттің ІІБ басшысы Данияр Мейірханның айтуынша, күдіктіні Жамбыл облысының жедел уәкілдері ұстады. "Ол 34 жаста. Қаза болған келіншек 26 жаста болған. Қазіргі уақытта ұсталған ер адамды полицейлер Шымкентке әкеле жатыр", - делінген телеарна хабарламасында. Әзірше оқиғаның жай-жапсары айтылмай отыр. 

Еске сала кетейік, 4 шілдеге қараған түні қаланың №11 ықшамауданында бір келіншектің денесі табылған болатын. Оның басы тастан езіліп кеткен. Оның үстінде ешқандай киімнің болмағаны айталыды, аяқ киімі мен көйлегі оқиға маңында табылды. Алайда таяудағы үйлердің тұрғындары ешқандай да күдік тудыратын әрекетті көрмегенін және естімегенін айтып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай