21 маусым 2017 13:40

Шымкентте бір жарым жасар сәби қазылған шұңқырға құлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қазылған кәріз шұңқырға түсіп кеткен бір жарым жасар сәби құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ТЖД құтқару жасағына сілтеме жасап.


Шымкентте қазылған кәріз шұңқырға түсіп кеткен бір жарым жасар сәби құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ТЖД құтқару жасағына сілтеме жасап.

Әжетхана құдығы қолданылмағандықтан ғана бала аман қаоыпты. Оқиға Тельман бөліміндегі жеке үйдің ауласында болған. Бала ойнап жүріп құлап кеткен. Ата-анасы оны құдықтан шығарып ала алмаған. себебі шұңқырдың тереңдігі 6 метр екен. Осыдан олар құтқарушыларды шақыртқан. 

"Баланың 1,5 метр тереңдікте қысылып қалғанын анықтадық. Бала темірбетон дөңгелегі мен кәріз құдығының қабырғасының ортасында қысылып қалған. Осы жерге қысылып қалғандықтан ғана бала аман қалды, әйтпесе шұңқырдың тереңдігі 6 метрдей болған", - деді ОҚО ТЖД құтқару жасағының жетекшісі Павел Вишенин.

Бала гидравликалық құрылғы арқылы шығарылыпты. Құтқарушылар темірбетон дөңгелегін қозғалтып, алып тастап, баланы тосып алған. Құтқарушылар әбден жылап, қорқып қалған баланы ата-анасының қолына тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети