Шымкентте қатты соққан желдің салдарынан 45 оқу орны шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Шымкент қаласының ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Еркін Сарыбаевқа сілтеме жсай отырып.
Шымкентте қатты соққан желдің салдарынан 45 оқу орны шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Шымкент қаласының ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Еркін Сарыбаевқа сілтеме жсай отырып.
Шымкентте қаланы газбен қамтамасыз ету жүйесі бойынша 53 апатты жағдай тіркелсе, электрмен қамту жүйесінде 107 апатты жағдай тіркелген. Қала бойынша 100 түп ағаш құлаған. Тұрғындар әлі де төтенше жағдайлар қызметіне қоңырау шалуда. Қалалық ТЖ басқармасының хабарлауынша 20 көпқабатты үйдің, 4 жер үйдің, 13 әкімшілік ғимараттың шатыры ұшып кеткен.
ОҚО ТЖД құтқарушылар отрядының өкілі Павел Вишениннің айтуынша, төтенше жағдайға байланысты құтқарушылар белсенді жұмыс жасауда. Үш күннің ішінде құтқарушылар тұрғындардың шақыртуыларына 40 рет барған.
Облыстық әкімдік жел басылғаннан кейін бір аптада барлығын ретке келтіреміз деп жоспарлар отыр. "Қатты соққан желдің кесіренен болған шығынды арнайы құрылған комиссия анықтамақ. Құтқарушылар ертең дәлелді болу үшін әрбір шақырту бойынша барған жерлерінде қираған шатырлар мен үйлерді суретке түсіріп жүрген көрінеді. Бүгінде қала бойынша 14 техника, 310 құтқарушы, 176 әскери қызметкерлер жұмыс істеуде.
"Казгидромет" ауа райы болжамы басқармасының бастығы Марина Шмидттің хабарлауынша, жел әлі 2-3 күнге созылады. "13,14,15 мамыр күндері Шымкентте секундына 25 метр күшті жел тұрады", - дейді Шмид. Оның айтуынша облыс бойынша секундына 15-20 метр жел тұрады, кейбір жерлерде желдің күші секундына 28 метр болуы ықтимал.
Естеріңізге сала кетейік, 12 мамыр күні Шымкентте қатты дауыл соғып, төтенше жағдай жарияланды. Қалада балабақшалар, мектептер жабылып, барлық салтанатты шаралар тоқтатылды. Облыстағы кейбір қоғамдық орындар да уақытша жабылмақ. Күшті жел көптеген ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырын жұлып кетті. Электр бағаналары, бағдаршамдар, билбордтар түгелдей бүлінді. Қаланың 8 шағынауданында жарық сөніп қалған.
Марина Шмидтың айтуынша, шатырларды ұшырып әкеткен қатты желден бір әйел адам қаза тапты. Осындай жағдай Оңтүстік Қазақстанда жиі қайталанады. "Мұндай жағдай антициклон, яғни ауаның жоғары қысымы Орталық Қазақстанда көтерілгенде , керісінше Өзбекстан аумағында циклон, ауаның төменгі қысымы түскенде болады. Төмен және жоғары қысымның салдарынан қатты жел тұрады", - дейді ол.