06 қазан 2015 11:12

Шымкентте дүкенге кіріп барған автокөліктің ішінде ешкім болмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте дүкенге кіріп барған автокөліктің ішінде адам болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкенттің ІІБ басшысы Арман Бейсенбаев хабарлады.


Шымкентте дүкенге кіріп барған автокөліктің ішінде адам болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкенттің ІІБ басшысы Арман Бейсенбаев хабарлады.

Полиция полковнигінің айтуынша, көліктің автоматты түрде оталдыратын құрылғысы қосылып кеткен. "Көлік тұрақта тұрған. Оның автоматты түрде оталдыратын құрылғысы қосылып кеткен. Неліктен екенін автотехникалық сараптама анықтайды. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шымкенттің ІІБ басшысы.

Оның мәліметінше, оқиға 5 қазанда 16.52-де болған. Зардап шеккендер жоқ, ал дүкен айтарлықтай бүлінген. Материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Жүргізушінің кім екендігі анықталды, алдын ала болжам бойынша, ол 1972 жылғы ер адам. Осы дерек бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Сот тәртібінде жүргізуші дүкенге келген шығынды өтеуі тиіс.

Еске салайық, Nexia автомобилі "Канны" аяқ киімдер дүкенінің жертөле қабатына кіріп кеткен болатын. Оқиға Байтұрсынов көшесінде болды. Жүргізуші тротуар арқылы өтіп барып, әйнек витринаға соғылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети