17 наурыз 2018 12:58

Шымкентте екі жігіт жаяу жүргіншілер жолағында 67 жастағы әйелді тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© knews.kg © knews.kg

Шымкентте екі жігіт жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 67 жастағы әйелді тонаған, деп хабарлады tvk-uko.kz.


Шымкентте екі жігіт жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 67 жастағы әйелді тонаған, деп хабарлады tvk-uko.kz.

Телеарнаның хабарлауынша, Еңбекші полиция бөлімінің қызметкерлері әйелдерді тонады деген күдікпен Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады.

"Арам пиғылдылар қарсылық білдіруге мүмкіндігі болмайтын жалғыз жүрген жолдарда шабуыл жасаған. Олар өз құрбандарын аңдып, қолдарындағы сөмкелерін тартып алып, белгісіз бағытқа бой тасалаған. Ағымдағы жылдың қаңтар айында жас азаматтар Шымкент қаласы 16-мөлтек ауданының жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан 67 жастағы әйелді тонап кеткен", - деп хабарлады тілші.

Телеарнаның мәліметінше, күдіктілер жәбірленушіге оның үйінің жанында шабуыл жасап, оның қолынан сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осындай жолмен күдіктілер бағасы 300 мың теңгеден асатын бағалы заттарды қолды қылған. 

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екі күдікті ұсталды. Олар 1992 және 1993 жылы туған облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің тонаудың 10 жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 600 000 теңгеден астам болып отыр. Аталған жайт бойынша "Тонау" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер қамауда. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети