27 қыркүйек 2018 | 11:32

Шымкентте жеке клиникалардың бірінде полицей қайтыс болды

© Тұрар Қазанғапов

Шымкентте жекеменшік клиникада полицей қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте жекеменшік клиникада полицей қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 қыркүйекте Шымкент қалалық ІІД Әл-Фараби аудандық ІІБ кезекші бөліміне жекеменшік клиникалардың бірінде ер адамның қайтыс болғаны жайлы хабарлама келген.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнына барған полицейлер қайтыс болған ер адамның Шымкент қалалық ІІД қызметкері екенін анықтады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная