Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шымкентте жол апатынан қаза тапқан төрт адамның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты

24 Қараша 2015, 11:09
1
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Шымкентте болған жол апатынан қаза тапқан төрт адамның туыстары жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Еске сала кетейік, жол апаты 22 қарашада Байтұрсынов көшесінде болды. "Lexus автокөлігінің 1991 жылғы жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан ол "Audi-80" автокөлігімен соқтығысты. Жол апатынан "Audi жүргізушісі, 1963 жылғы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Ауруханаға барар жолда оның ұлы мен екі немересі көз жұмды, олар 2010, 2014 жылы туылған сәбилер.

Қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, олар ұл балалардың бірін түнде ата-анасына апаруға шыққан. Олар үйден кеткені сол еді 10 минуттан кейін қоңырау шалынып, қайғылы оқиға туралы хабар келген. Туыстары оқиға орнына бірден жетті. Олар полицейлерден жол апатына кінәлі адамды көрсетуді талап етті. Полицейлер кінәлі адамды олар өздері жазаламасын деп, оны арнайы көлікке қамады.

Төрт жақынын жерге тапсырған Дауылбаевтар отбасы кінәлі жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Себебі, Lexus жүргізушісі Мұрат Танкеев полиция мен прокуратурадағы жоғары шенді ағаларының атын атап, ешқандай жазаға тартылмайтынын айтыпты. "Әкесі бай екен, бизнесмен деді. Әкесінің інісі сол ІІД бір криминалистика бөлімінің бастығы екен. Сол үшін әпкемнің көзіне боқтаған, не істесең оны істе деп. Қайда барсаң сонда бар. Соттасаң сотта маған дауа жоқ деді. Ештеңе істей алмайсың. Қолыңнан ештеңе келмейді деп айтты", - деді марқұмдардың туысы Айжан Әпсалямова.

Қазір тек 1 бап бойынша тергеу жүріп жатқан көрінеді. "Lexus автокөлігінің жүргізушісі сараптама қортындысы бойынша спирттік ішімдік ішіп рульге отырған. Қазіргі таңда Lexus жүргізушісі қамауға алынды. ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жол ережесін өрескел бұзу", - деді ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

"Ресми түрде еш жерде жұмыс істемесе де қымбат Lexus-ті тізгіндеген Мұрат Танкеевтің туыстары марқұмдардың жақындарына келіп кешірім де сұрапты. Тек төрт бірдей азаматынан айрылған Дауылбаевтар кешірмек түгілі барынша қатаң жазаға тартылмаса бай баласының сазайын өзіміз береміз деп бекініп отыр", - деп хабарлады телеарна.

Дереккөз: КТК


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай