Шымкентте жол-көлік оқиғасынан автобустың 11 жолаушысы зардап шекті

22 Қараша 2014, 10:48
0
КТК телеарнасының кадры
КТК телеарнасының кадры
КТК телеарнасының кадры
КТК телеарнасының кадры
КТК телеарнасының кадры
КТК телеарнасының кадры
КТК телеарнасының кадры
КТК телеарнасының кадры

Шымкентте 11 адам жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, - деп хабарлайды КТК

Куәгерлердің айтуынша, Toyota жеңіл автокөлігі көлік жуу орнынан шығып, көшенің екі жалпақ жолағын қатар кесіп өтеді де, бағдаршамның жасыл жарығы жанғанда қозғалысын бастаған автобусқа соғылады. Автобус қатты соққыдан кейін ағаш пен бетон бағанды қақты, одан асып барып, арыққа құлады. Жүргізуші Данияр Естаевтың айтуынша, ол бұл кезде жылдамдықты асырмаған. "Toyota маған жол бермеді. Бағдаршамның жарығы жанғанда орнымнан қозғала бергенім сол еді, қашып үлгермедім. Ол оқыстан келіп соқтықты", - дейді ол.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 40 адам болған. 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, сол кезде олардың тең жартысы жарақаты салдарынан жүре алмай қалған. Көлік соққысынан автобустың есігі ашылмай қалғандықтан, адамдар оның терезесінен шығуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Шымкентте жолаушылар автобусының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары азаяр емес. Мұның алдында өзара жарысқан екі автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен еді. Оқиға орнында бір қыз қайтыс болды. Ал маусым айында Шымкентте бір автобус аударылып, 15 адам зардап шекті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай