08 қыркүйек 2016 12:19

Шымкентте жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған той кортежі қатысушыларына айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Шымкентте той кортежінде қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізушілер ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан хабарлады.


Шымкентте той кортежінде қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізушілер ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан хабарлады.

Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметіндегілер Шымкент-Леңгір тас жолында тәртіпсіздік орнатқан жүргізуішлерді ұстады. Олар істеген әрекеттерін тойда көңіл көтергісі келгендерімен байланыстырып отыр. "Сол уақытта көлік жүргізген азаматтарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Енді олар айыппұл төлейді. Тағы да осындай ереже бұзушылық болса, олар көлік жүргізу куәлігінен жарты жылға дейін айырылуы мүмкін", - деді Данияр Мейірхан

Полициядағылардың айтуынша, ұсталған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Алайда тексеріс барысында көліктегі жолаушылардың бірінде тапанша болған деген мәлімет расталмады.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде тойға бара жатқан көлік жүргізушілерінің видеосы жарияланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети