19 тамыз 2016 15:06

Шымкентте жол талғамайтын көлік бағана мен үйдің қоршауын қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  otyrar.kz © otyrar.kz

Шымкентте жол талғамайтын көліктің иесі бағана мен үйдің қоршауын қиратты. Жол-көлік оқиғасы Клоков және Астраханцев көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды "Отырар TV".


Шымкентте жол талғамайтын көліктің иесі бағана мен үйдің қоршауын қиратты. Жол-көлік оқиғасы Клоков және Астраханцев көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды "Отырар TV".

Көлікті басқарған қыздың айтуынша, ол Клоков көшесін қиып өтпек болғанда қатты жылдамдықпен екінші жолдан Nexia шыға келген. Бар жылдамдықпен келіп Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің оң жақ бетін соққан. Соққыдан жол талғамайтын көлік алдында тұрған телефон желісі бағанасы мен үй қоршауының бір бөлігін қиратқан.

Nexia жүргізушісі бірнеше метр қозғалып, осы үйдің дуалын соққан. Prado салонында оқиға кезінде кәмелет жасына толмаған балалар болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети