27 қазан 2015 09:43

Шымкентте жолаушылар автобусы 35 жастағы әйелді қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жолаушылар автобусы 35 жастағы әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте жолаушылар автобусы 35 жастағы әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Шымкент орталығындағы "Кеңбаба" саябағының маңында болды. "Грин бас" компаниясына қарасты № 78 автобустың жүргізуші өткіншілер жолында әйелге жол бермеген.

"Автобус оны қағып кетті. Кейін тағы бірнеше метрге дейін сүйреді. Адамдар көмекке келгенімен кеш боп қалды", - деді куәгерлердің бірі. Әйел алған жарақаттарынан оқиға болған жерде көз жұмды.

28 жастағы жүргізуші қоғамдық көлікте 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. "Мен қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтамын. Бұл іс енді менің бақылауымда болады. Біз компанияның жұмысын қадағалайтын боламыз. Қаза тапқан әйелдің отбасына материалдық көмек көрсетіледі", - деді Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов.

ОҚО ІІД осы дерекке сәйкес "Жол ережесін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети