15 қаңтар 2016 16:06

Шымкентте жолаушылар автобусы онға жуық көлікті жайпап өткен: 17 адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Отырар" басылымы © "Отырар" басылымы

Шымкенттегі Бәйдібек би көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мұнда 10 автокөлік соқтығысқан. №101 бағытта жүретін автобус жоғары жылдамдықпен жүйткіп келген күйі алдында тоқтап тұрған темір тұлпарларды жайпап кеткен, - деп хабарлайды "Отырар" басылымы.

Соның салдарынан 17 адам жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға басында болған жүргізушілердің айтуынша, қоғамдық көліктің жылдамдығы өте жоғары болған. Әйтпесе бір қатарда тұрған 10 автокөлікті соғып жылжыту мүмкін емес дейді олар.

Автобустың ішінде жолаушылар да болған көрінеді. Абырой болғанда ондағылар ауыр жарақат алмаған. Ауруханаға қоғамдық көліктің кодукторы мен жүргізушісі де жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети