Шымкентте жойқын жарылыстан сегіз пәтерлі үй қирады

21 Желтоқсан 2014, 09:36
0
Шымкентте жойқын жарылыстан сегіз пәтерлі үй қирады - ©Otyrar.kz/Ернар Балабеков
©Otyrar.kz/Ернар Балабеков

Жойқын жарылыстан Шымкент қаласында Ақназар хан көшесіндегі №62 тұрғын үй қирады, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Алдын ала мәлімет бойынша, пәтерлердің біріндегі газ баллоны атылған.

Оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат шамамен 18.00-де болған. Жарылыстан 23 адам жарақат алды, оның жетеуі - балалар. Бір адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ.

Жарылыстан үйдің салмақ түсетін құрылысы қирады, үй қайта қалпына келтіруге жарамауы мүмкін.

Төтенше жағдай орнына жедел құтқару қызметі келіп, тұрғындар эвакуацияланды. Жергілікті билік жапа шеккендерге жақын маңдағы мектепті паналай тұруды ұсынды, бірақ үйі қираған тұрғындардың көбі туысқандарының үйіне кетті.

Болған оқиғаның жағдаяттары анықталып жатыр. 

Айта кетейік, қараша айының соңында осыған ұқсас жағдай Талдықорған қаласында болды. Сол кезде газ баллоны жарылысынан көппәтерлі екі қабатты тұрғын үй ішінара қирап, жеті адам қайтыс болған еді. Осы төтенше оқиғадан кейін Талдықорған қаласы мен жалпы Алматы облысында үйлер мен пәтерлердегі газбен жұмыс істейтін құрылғылар жаппай тексеріле бастады.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай