29 сәуір 2014 10:22

Шымкентте жүргізуші автобусының астында жаншылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Шымкентте автобус жүргізушісі доңғалақ ауыстырып жатқан кезде көлігінің астында қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


Шымкентте автобус жүргізушісі доңғалақ ауыстырып жатқан кезде көлігінің астында қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше оқиға 28 сәуір күні сағат 09.41-де "Шымкент газмонтаж" АҚ аумағында болды. "Автобустың астында жаншылып қалған 1967 жылы туған ер адам қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен жылдың күзінде Алматыда осыған ұқсас қайғылы оқиға болған еді. Honda көлігінің иесі машинаны домкратпен көтергеннен кейін жөндеу шұңқырынан көліктің астын шұқылап жатқан. Кенет машина қозғалып кетіп, адамды жаншып тастады. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети