12 қазан 2016 15:26

Шымкентте киім сататын ірі дүкен өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте танымал маркалы киім өндіретін дүкен өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, Тәуке хан көшесінде орналасқан Koton дүкені өртенген. Сауда орнының 12 қабатты үйде орналасқаны белгілі. Сондай-ақ, 20 адамның эвакуацияланып, олардың жетеуі балалар болғаны айтылады.

ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, өрт үшінші қабатқа дейін жетті. Өрттің аумағы 160 шаршы метрді қамтыған. Өрт сағат 12.56-да ауыздықталып, жергілікті уақыт бойынша сағат 13.24-те сөндірілді. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

Өртті сөндіруге 10 дана техника мен 40 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети