26 маусым 2016 11:38

Шымкентте көліктің бір қызды қағып кеткен сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте көліктің жаяу жүргінші жолында бір қызды қағып кеткен сәті түсірілген видео пайда болды. Көліктегі видеотіркегішке түсірілген видеожазба YouTube хостингінде пайда болды.


Шымкентте көліктің жаяу жүргінші жолында бір қызды қағып кеткен сәті түсірілген видео пайда болды. Көліктегі видеотіркегішке түсірілген видеожазба YouTube хостингінде пайда болды.

Видаоға қарағанда, жол-көлік оқиғасы 25 маусымда Ордабасы ауданында болған.Кадрлардан қыздың жаяу жүргінші жолынан өтпек болғаны көрінеді. Ол жолдың екінші бетіне өтуге бірнеше қадам қалғанда, оны Hyundai автомобилі соғып кетеді. Қыз көліктің соққысынан жолға құлап түседі. Жүргізуші көлігін тоқтатып, қызға көмектесуге ұмтылады. 

Оқиға болғаннан кейін видеотіркегіштің иесі жол-көлік оқиғасы туралы полицияға хабарлайды. Оның айтуынша, жүргізуші қызды көлігіне отырғызып алып, ауруханаға әкеткендей болған. Істің немен аяқталғаны белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети