Шымкентте қонақүйден Жапония азаматының денесі табылды - телеарна

12 Сәуір 2017, 09:58
0
Шымкентте қонақүйден Жапония азаматының денесі табылды - телеарна - © ria.ru
© ria.ru

Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде сейсенбіде, 11 сәуірде Жапония азаматы өлі табылды. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

1948 жылғы ер адам Оңтүстік Қазақстан облысына 10 сәуірде келген. Шетелдік азамат Түркістан мен Отырар қалаларына барып қайтқан. Ал сейсенбіде ол тағы бір экскурсияға бару керек болатын. Алайда Жапония азаматы белгіленген уақытта онда келмеген.

Содан гидтер жапон азаматына алаңдап, оны іздестіре бастаған. Алайда оның денесі қонақүйдегі нөмірден табылған, оның денесінде зорлық белгілері болмаған. Туристің неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті адам өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Жапонияның 1948 жылғы азаматы кенеттен Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде қайтыс болды. Өлімнің себебі әзірше белгісіз. Зорлық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ол турист болды", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай