12 сәуір 2019 14:16

Шымкентте кішкентай қыз у ішіп қойған: Дәрігерлер оны құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік дәрігерлер сүйел кетіретін "Чистотел" дәрісінен уланған өзбекстандық қыз баланың өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 


Шымкенттік дәрігерлер сүйел кетіретін "Чистотел" дәрісінен уланған өзбекстандық қыз баланың өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Ол ауыр жағдайда Гипербариялық оттектеу орталығына жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жіберілген. Дәрігерлердің айтуынша, улы сұйықтық баланың аузын күйдіріп жіберген. Қазір қыз баланың жағдайы жақсарған, ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. 

"Қазір уланған бала анасымен бірге ауруханада ем алып жатыр. Өзбекстанның кішкентай тұрғыны Шымкентке ата-анасымен бірге қонаққа келген", - дейді ведомствода. 

"Дәріханада папилломаны кетіру үшін "Чистотетел" сұйықтығын сатып алғанбыз. Балам ойнап отырып, байқамай оны ішіп қойған. Қызымның жағдайын көріп, бірден жедел жәрдем шақырдым", - дейді баланың анасы Сарбиназ Аронова. 

Қазір аузы күйген бала өзі тамақтана алатын жағдайда. Дәрігерлер кішкентай пациенттің жағдайын бақылау үшін әлі тексеріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети