14 маусым 2017 17:38

Шымкентте мас күйде көлік жүргізген прокуратура қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Drive2 © Drive2

ОҚО-да көлікті мас күйде жүргізген прокуратура қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ОҚО-да көлікті мас күйде жүргізген прокуратура қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ОҚО-ның прокуратура басқармасының аға прокуроры Нұржан Полатов мас күйде көлік жүргізген. Қазір ол жазадан құтылу үшін сотқа арыз берген. Ол бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткені мен мас күйде рөлге отырғаны үшін толтырылған әкімшілік хаттамалардың күшін жойғысы келеді. Мамырдың басында Шымкент полицейлері бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен прокуратура қызметкерін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер ер адамның ішімдік ішкенін байқаған. Медециналық сараптама бұл деректі растаған. 

Болған жайтты полицейлер видеожитон мен ұялы телефондарына түсірген. Дегенмен әкімшілік сот отырысы ашық күйден жабық күйге ауыстырылған. Ал 33 жастағы прокуратура қызметкері рөлде өзі емес, жақын туысы отырғанын айтқан. Сот әкімшілік хаттамаларды жарамсыз деп тапты. Дегенмен видеода жағдайдың басқаша болғанын көруге болады. 

Видеода Полатов Нұржан Салыханұлы инспекторға жүргізуші куәлігін бере отырып, болған жағдай үшін кешірім сұрап жатқаны, қобалжып темекі шеккені және сараптама қорытындысына қол қойғаны көрініп тұр. Әкімшілік сот бұл видеоны назарға алмады. 

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ және тараптардың шешімді өзгерту үшін арыз берулеріне уақыты барын айта кетейік. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети