19 қараша 2019 10:24

Шымкентте оқушылар арасындағы даудың соңы төбелеске ұласқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 қарашада Шымкенттің №34 орта мектебінің 11-сынып оқушыларының арасында орын алған даулы жағдайдың соңы төбелеске ұласқан, - деп хабарлайды "Отырар"


15 қарашада Шымкенттің №34 орта мектебінің 11-сынып оқушыларының арасында орын алған даулы жағдайдың соңы төбелеске ұласқан, - деп хабарлайды "Отырар"

Оқушылардың бірі денсаулығына орташа дәрежедегі жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды. Алайда, екі тарап арыз жазудан бас тартты.

"Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Ювенал полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети