26 желтоқсан 2016 19:56

Шымкентте өзін өртеген ер адамның жағдай жақсарып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте өзін өртеген ер адамның денсаулығы дұрысталып келеді, - деп хабарлайды TVK арнасы. 


Шымкентте өзін өртеген ер адамның денсаулығы дұрысталып келеді, - деп хабарлайды TVK арнасы. 

Науқас жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылған. Бұл туралы ер адам жатқан емдеу орталығының мамандары мәлімдеді. 

2016 жылы 22 желтоқсанда шамамен 14.30-да Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің жедел әрекет ету орталығына Шымкент қаласы Тәуке хан көшесінде ер адамның өзін-өзі өртеу арқылы суицид жасамақ болғаны хабарланды. 

Оқиға орнына Шымкент қаласының Еңбекші полиция бөлімінің жедел тергеу тобы аттанған. Полицейлер ер адамның кім екенін анықтаған. Ол жергілікті тұрғын, 1970 жылғы азамат екені анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның денесінің 40 пайызын күйік шалған, қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Осы дерек бойынша Еңбекші полиция бөлімі бірыңғай реестрге ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тіркеген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында өзіне қол салмақ болған адам айыпталушы екені анықталды. Биыл 15 мамырда ОҚО ІІД тергеушілері оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. ОҚО ІІД Тергеу басқармасы кешенді тергеу шараларын жүргізді, оның қорытындысында айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденген. 2016 жылдың 9 қарашасында тергеушілер айыптау актісі бар қылмыстық істі әл-Фараби аудандық прокуратурасына заңдылығын тексерту үшін жолдады. Өз кезегінде аудандық прокуратура 2016 жылдың 18 қарашасында істі қарау үшін сотқа жолдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети