21 қыркүйек 2017 17:44

Шымкентте пойыз басып кеткен 9 жастағы бала аяғынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gazetadaily.ru © gazetadaily.ru

Шымкентте пойыз басып кеткен 9 жастағы бала аяғынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 


Шымкентте пойыз басып кеткен 9 жастағы бала аяғынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

Тауар таситын пойыз басып кеткен бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Ауруханадағылардың айтуынша, қайғылы оқиға 16 қыркүйекте болған және науқас қазіргі уақытта жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылған. 

Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, алайда дәрігерлер оның табанын кесіп тастауға мәжбүр болған. 

"Ол ауыр дене жарақатын алды. Баланың аяғын кесуге тура келді, ол енді мүгедек саналады. Бала соңғы вагоннан ұстап, мініп ойнап жүрген. Аяғы тайып кетіп, пойыз дөңгелегінің астында қалған. Бұл Тоғыз станциясында болды. Ол жақта пойыз Шымкенттен шығаберісте тоқтайды, пойыз бұрылып жатқанда жылдамдықты азайтуы керек. Сол жақта тұрғын үйлер бар", - деді ЖІІБ тергеушісі Асқар Төлендиев. 

Желілік ішкі істер бөліміндегілер ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша соталды тергеуін жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети