Шымкентте салынып жатқан ғимарат опырылды: 6 жұмысшы зардап шекті

21 Қараша, 17:34
0
Шымкентте салынып жатқан ғимарат опырылды: 6 жұмысшы зардап шекті -

Шымкентте салынып жатқан ғимарат опырылды. Төтенше жағдай салдарынан алты жұмысшы зардап шекті. Барлығы Өзбекстан азаматтары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар комитеті мәліметінше, 21 қарашада 15:30-да Сайрам тұрғын алабындағы ғимарат опырылған. 

"Салынып жатқан 1500 шаршы метр ғимараттың шатыры мен темірбетон қабырғалары құлаған. Оқиға салдарынан алты жұмысшы зардап шекті, олар құтқарушылар келгенге дейін қалалық № 3 ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылардың барлығы - Өзбекстан Республикасының азаматтары", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында. 

Олардың үлкені 41-де, ал ең жасы - 23-те. 


Сурет ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

"Оқиға орнында кинологтар жұмыс істеді. Үйінділер астында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына 24 қызметкер және үш өрт сөндіру техникасы, сегіз жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, екі арнайы техника және бір кинолог жұмылдырылды", - делінген ТЖК хабарламасында. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай