26 желтоқсан 2014 19:27

Шымкентте стоматология клиникасында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ОҚО ТЖД ©ОҚО ТЖД

Шымкенттегі стоматологиялық емханада жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарылыс 26 желтоқсанда болды.

Жеке стоматологиялық клиниканың есепшілер отыратын кабинетінде газ бен ауа қоспасынан жарылыс болған, оның соңы отқа ұласпады. Стоматологиялық емхананың екі қызметкері күйіп қалды. 1967 жылғы ер адамның денесінің 65 пайызы күйіп, екіншісінің 30 пайыз денесін жалын шалды. Жапа шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Жарылыстан кеңсенің есіктері мен терезелері сынып кетті. Көпқабатты үйдің бірінші қабатында емханамен жапсарлас орналасқан азық-түлік дүкені де зақымданды. Шымкенттің төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен полицейлер жарылыстың неден болғанын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети