07 маусым 2016 17:56

Шымкентте табылған граната оқу-жаттығуға арналған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Afganvet.spb.ru © Afganvet.spb.ru

Шымкентте көшелердің бірінен оқу-жаттығу гранатасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қымзетіне мілтеме жасап. 


Шымкентте көшелердің бірінен оқу-жаттығу гранатасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қымзетіне мілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, граната 2016 жылы 6 маусымда табылған. Абай аудандық полицияның кезекші бөліміне Шымкент тұрғындары хабарласып, арықтан гранатаға ұқсас зат көргенін айтады. TVK телеарнасының мәліметінше, күмәнді зат Алпысбаев көшесінің бойындағы "Военторга" ауданынан табылыпты.

Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына полицейлер дереу жетіп, Ұлттық ұланның әскери бөліміне жақын жерді оршауға алды. Сонымен қатар, оқиға болған жерге өрт сөндіру қызметі, жедел жәрдем мен коммуналдық қызметтің өкілдері де жедел түрде келіп жетті. Эвакуатор арыққа жақын маңдағы көліктерді тасыды. ІІД мәліметінше, табылған екі граната да оқу жаттығуларына арналған болып шықты. Қазір табылған заттарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 5 маусымда Ақтөбеде болған атыстардан кейін Қазақстанда террорлық қауіпсің сары деңгейі белгіленді. Лаңкестердің шабуылы салдарынан 20-ға жуық адам қаза тауып, 20-дан аса адам жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети