15 тамыз 2016 13:04

Шымкентте төрт адамды қаққан BMW жүргізушісіне іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© drive2.ru © drive2.ru

ОҚО полицейлері жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен 20 жастағы BMW жүргізушісіне іздеу жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО полицейлері жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен 20 жастағы BMW жүргізушісіне іздеу жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылы 13 тамызда шамамен сағат 05.30-да Шымкенттің Қонаев гүлзарында BMW автокөлігін басқарған белгісіз жүргізуші жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан бір компанияның төрт жұмысшысын қағып кеткен. Осыдан кейін автокөлік жол жиегінде қазылған шұңқырға түсіп кеткен. BMW автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Жол апатының салдарынан Шымкенттің 1995 жылғы тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Тағы үш адам 1978 және 1998 жылғы Шымкент, ОҚО Ордабасы ауданының және Жамбыл облысының тұрғындары әр түрлі жарақатпен облыстық орталық ауруханаға түскен", - деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің өкілдері.

Жедел-тергеу тобы жол апаты болған жерді тексеріп, басқа да керекті шараларды жүргізді. BMW автокөлігін тексеру кезінде көліктің ішінен оқ-дәрісі бар "ИЖ" маркалы газды тапанша табылған.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану"), ҚР ҚК 347-бабы ("Жол-көлiк оқиғасы болған") жерден кетіп қалу және ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлімі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша іс біріңғай реестрге тіркелген". Сараптамалар тағайындалған. BMW автокөлігі айып тұрағына жеткізілді.

Қазіргі уақытта полицейлер BMW автокөлігінің жүргізушісін ұстау жұмыстарына кіріскен. Оның кім екені анықталды. Ол - Шымкенттің 1996 жылы туған тұрғыны. Күдіктіні ұстау үшін ОҚО ІІД жеке құрамы жұмылдырылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілу үстінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети