05 шілде 2017 12:25

Шымкентте төтенше жағдай кезінде өрт сөндіруші зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Шымкенттік өрт сөндіруші адвокаттар ғимаратында шыққан өрт кезінде жамбасын сындырып алған және күйіп қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ОҚО төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өрт сөндірушінің жамбасы сынған және сол қолы күйіп қалған. Ол ауруханаға жеткізілді. 

Таңғы 05:56-да бұрындары адвокаттар отыратын ғимарат өртенген. Бұл 1940 жылы салынған ғимарат, соңғы айларда оның іші бос тұрған, сол себепті де оны апатты деп танып, сүріп тастау жоспарланған. Өрт сөндіруге 113 маман жұмылдырылған. 

17 арнайы көлік пен екі су таситын машинаның өзі өртті лезде сөндіре алмаған. 517 шаршы метрлік ғимараттың 169 шаршы метрі опырылған. 

Өрттің себептері анықталып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети