17 наурыз 2016 09:37

Шымкентте үш адам жол апатынан ғажайыппен аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тvk-uko.kz © Тvk-uko.kz

Шымкентте болған жол апатынан жүргізуші мен екі жолаушы ғажайыппен аман қалды. Апат 16 наурыз күні сағат 15.00 шамасында Темірлан тас жолында болды, - деп хабарлайды TVK.


Шымкентте болған жол апатынан жүргізуші мен екі жолаушы ғажайыппен аман қалды. Апат 16 наурыз күні сағат 15.00 шамасында Темірлан тас жолында болды, - деп хабарлайды TVK.

Hyundai автомобилі жаңбырдан кейін су болып жатқан жолда темір бағанаға соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, көлік екіге бөлініп кетеді. Автомобильдің бір бөлігі жолдан 20 метр жерге ұшып кетсе, артқы жағы арыққа түсіп кеткен.

Қуанышқа орай, көліктің ішінде болғандардың барлығы аман қалды. "Жол апатынан зардап шеккендер ауруханаға ағат 16.35-те жеткізді. 1988 жылғы ер адам бассүйек-ми жарақатын алған. Ол нейрохирургия бөліміне жіберілді. Қалған екі әйелді ауруханаға әкелу қажеттілігі тумады. Олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді", - деді дәрігер Сәбит Байбосынов.


© Тvk-uko.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети