25 шілде 2019 09:05

Шымкентте үш жасар қызды өлтірді деген күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үш жасар қызды өлтірді деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте үш жасар қызды өлтірді деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің19-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс жүріп жатыр.

"Өткізілген тергеу амалдарының нәтижесі бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотына ұсынылады. Бұрын хабарланғандай, сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша қыздың өлімі биіктен құлау нәтижесінде құсу массасының механикалық асфиксиясынан, яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болған", - деп хабарлады полицейлер.

Шымкентте үш жасар қыздың неден қайтыс болғаны анықталды

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр және бұл іс Шымкент қаласының полиция департаменті мен қала прокуратурасы басшылығының бақылауына алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети