02 ақпан 2017 10:55

Шымкенттегі жантүршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүтік Қазақстан облысы ІІД өкілдері жолаушылар автобусы мен "ГАЗель" соқтығысқан жол апатының мән-жайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Оңтүтік Қазақстан облысы ІІД өкілдері жолаушылар автобусы мен "ГАЗель" соқтығысқан жол апатының мән-жайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

1 ақпанда Шымкентте Тәуке хан даңғылы мен Аймаутов көшелерінің қиылысында жол көлік оқиғасы болған еді. ЖКО кезінде жолаушылар көліктерінде адамдар толы болған. Куәгерлердің сөзінше, көліктер соқтығысқан сәтте жолаушылар "ГАЗель" терезелерінен сыртқа ұшқан. 

"№ 93 жолаушылар автобусы мен № 77 бағыттағы "ГАЗель" соқтығысты. ЖКО салдарынан "ГАЗель" жүргізушісі мен сегіз жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Тағы бір жолаушыны ауруханаға алып кетті", - дейді ОҚО ІІД өкілдері.

Оқиғаға байланысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Екі көлікте айыппұл тұрағына қойылды. Тексеріс жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети