18 қыркүйек 2018 | 15:41

Шымкенттегі наркологиялық ауруханада ер адам соққыға жығылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте облыстық наркологиялық ауруханада ер адамды ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте облыстық наркологиялық ауруханада ер адамды ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наркологиялық диспансерде алған жарақаттарынан ер адамның көкбауырын алып тастауға тура келген. Бұл оқиға туралы 35 жастағы ер адамның туысы айтып берді.

"Жиенімді наркологиялық аурухананың үшінші бөліміне жатқызды. Ол өзі шешесіне оны бөлім меңгерушісі ұрып-соққанын және іші қатты ауырып жатқанын айтқан. Содан оған ота жасалып, көкбауырын алып тастады", - дейді  туысы.

Облыстық наркологиялық аурухана қызметкерлері өздігінше тергеу жүргізген.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, ер адам ауруханаға анасының өтініші бойынша "Психикалық және мінезінің бұзылуы" диагнозымен түскен. 

"Науқас қатты алаңдап тұрды, ашулы болды және жанжалдасуға дайын тұрды. Басқа бір науқасқа дөрекі сөздер айтып, ұрып-соқты. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханадағы басқа науқастар оны қорғамақ болып, енді түскен науқасты дәретханада соққыға алған", - деп түсіндірді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Сондай-ақ, № 3 бөлімнің меңгерушісі Пернехан Жолымбековке сөгіс ретінде әкімшілік өндіріс тағайындалғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети