14 мамыр 2019 10:50

Шымкенттік дәрігерлер сірке суына уланған сәбиді аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК арнасы © КТК арнасы

Анасының айтуынша, нәресте қонаққа барған кезде қауіпті сұйықтықты абайсызда ішіп қойған. Содан кейін оны ауыр халде жергілікті жедел жәрдем ауруханасына жеткізген, - деп хабарлайды "Отырар"


Анасының айтуынша, нәресте қонаққа барған кезде қауіпті сұйықтықты абайсызда ішіп қойған. Содан кейін оны ауыр халде жергілікті жедел жәрдем ауруханасына жеткізген, - деп хабарлайды "Отырар"

Мамандар сәбидің ішкі органдарының зақымданғанын анықтап, оны шұғыл түрде Шымкенттің Гипербариялық оттектеу орталығына ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

Улы сусынды ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысын және өңешін химиялық күйік шалған. Қазір балақайдың жағдайы жақсы. Анасымен бірге токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

"Анасының сөзінше, қонақта жүрген кезде бір жасар қызы абайсызда уксус ішіп қойған. Балаға жедел түрде қажтетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі жағдайы жақсы. Әлі ауруханада бір аптадай жатып ем қабылдайды", - дейді Гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети