06 қараша 2019 09:16

СҚО-да ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда көз жұмған

Видео кадры Видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысының Бұлақ ауылында соңғы кезде өлім-жітім көбейген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Солтүстік Қазақстан облысының Бұлақ ауылында соңғы кезде өлім-жітім көбейген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Соңғы жылдары аққаннан ондаған адам көз жұмған. Оның кейбірі іргелес жатқан алтын өндірісінің салдарынан болған. Өндіріске жұмысқөа орналасқанға дейін денсаулығы жақсы болған жастар да көз жұмған. 

Бұлақ ауылының қасында алтын өндірісі 2014 жылы іске қосылған. Халық қосымша жұмыс орындарының пайда болатынына сеніп, ауылдың көркеюін күткен еді. Алайда, уақыт өте келе жергілікті тұрғындардың қуанышынан гөрі, қайғысы басым түсті. Ауы тұрғындарының сөзінше, олар мұндағы әрбір тұрғын кен орнының жабылуын қалайтын көрінеді.

"Бес жыл бұрын келгенде, экология мәселелер жоқ, ештеңе болмайды, өзіміз үш ай сайын тексереміз деп, әуелде бізге жиналыс ашып айтқан. Ал енді соның нәтижесі - сонда жұмыс істеген жас жігіттер бұл дүниеден өтіп кетті. Енді сол экологический, онкологический десек, олар мойнына алмайды", - дейді ауыл тұрғыны Қадыржан Шопанаев.

Тағы бір ауыл тұрғыны Тілектес Есжановтың жақында туысы қайтыс болған. Өендірісте жұмыс істегенге дейін денсаулығы жақсы болатын. Көп ұзамай оның да денсаулығы сыр бере бастаған. 

"Карьерге барамыз, басым ауырып, давлением көтеріледі. Осындағы медиктер мені жіберген жоқ. Давление - 160-170. Лабораторияға пробаларды әкелеміз.Сасып тұрады бәрі. Шаң зиян ғой. Содан мен шығып кеттім. Міне бір жыл бұрын туған ағам қайтты. Осы алтынның несінен", - дейді Тілектес Есжанов. 

Жергілікті басшылардың сөзінше, соңғы жылдары бұл маңайда өлім көбейгенін рас. Олардың айтуынша, бұған радиация ғана кінәлі емес.

"Бұлақ ауылдық округі бойынша жыл басынан бастап 10 адам қайтып кетті. Оның ішінде обырдан бір адам бақилық болды. Жалпы, бұл ауылдың халқы қартайып барады. Сондықтан өлім-жітім көбейіп отыр. Ал сараптама қорытындысына сәйкес, су, топырақ пен ауадағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты нормадан аспайды", - дейді СҚО Есіл ауданы әкімінің орынбасары Еділ Тұтқышев. 

Дегенмен, облыстық онкологияның дерегі бойынша, алтын өндірісін қолға алған Есіл ауданы обыр ауруы бойынша өңірде көш бастап тұр. 10 айда 78 адам тіркеуге алынған. 26-сы өмірден өтіпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети