19 маусым 2017 19:38

СҚО-да үш адам жай түсіп қаза тапты: оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан ауданындағы Бидайық ауылында баланың және екі ересек адамның жерлеу рәсімі болды, қайтыс болғандарды бір сәтте дерлік найзағай ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 25 жастағы қаза тапқан ер адамның артында 4 айлық қызы және екі жасар баласы қалған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінде - үш бала. 12 жастағы бала үйінің кенжесі болған, оның екі ағасы болған: студент және жоғары сынып оқушысы. 


Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан ауданындағы Бидайық ауылында баланың және екі ересек адамның жерлеу рәсімі болды, қайтыс болғандарды бір сәтте дерлік найзағай ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 25 жастағы қаза тапқан ер адамның артында 4 айлық қызы және екі жасар баласы қалған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінде - үш бала. 12 жастағы бала үйінің кенжесі болған, оның екі ағасы болған: студент және жоғары сынып оқушысы. 

Танитындарды барлығы өмірде оның спортқұмар әрі көңілшек бала болғанын айтады.  

Еске салайық, оқиға 16 маусымда ауылдан 200-300 метр алшақ жерде болған. 2005 жылғы бала өз малын күтіп тұрған. Осы кезде баланы найзағай ұрған, мұны көрген Бидайық ауылының тұрғыны Владимир Грин шамамен кешкі сегіздерде бұл оқиғаны ауылдық округтің әкіміне хабарлаған. Ауылдық округтің әкімі Торғын Құйшыбаева оқиға орнына фельдшермен және жедел жәрдем жүргізушісімен бірге келген. Оқиға орнын қарап шыққаннан кейін, әкім қоңырау шалу үшін 10 метр жерге алшақтаған. Бұл оның өмірін аман алып қалған, себебі осы кезде тура сол жерге тағы да найзағай ұрып, екі адам опат болған.

"Мен қатты соққыны сездім, найзағайды көрдім. Бұл соққыдан мен көліктің жанына тізерлеп құладым, бір толқын болды. Менің бір құлағым бітеліп қалды, басымнан соққы алғандай болдым. Бірақ мен тұрдым. Тұрған кезде екі адамның жерде жатқанын көрдім. Фельдшер де сол жерде болатын, онық қолында темір ұстағышы болды. Бәлкім сол оның өмірін алып қалған шығар? Ол өзі бір жаққа, таяқшасы бір жаққа ұшып кетті. Ол да орнынан тұрып көлікке қарай келді", - деді Құйшыбаева. 

"Фельдшер аяғы ауырып тұрғанын айтты, ол сол күні кешке аудандық ауруханаға жеткізілді, екінші күні ауруханадан шығарылды. 58 жастағы әйел аяқтарының бір мезетке жансыз болып қалғанын айтты. Ол саусақтарын көрсетті, бір саусағы ақ түсті болды. Кейін қайта қалпына келді", - деді әкім. 

Оның айтуынша, ер адамдар оқиға орнында қаза тапты. Әкімнің айтуынша, қайғылы жағдай болады деп ешкім ойламаған. 

"Жаңбыр жауып тұрды, бірақ ешқандай найзағай болған жоқ. Кейін оқиға орнына аудандық қызметтер келе бастаған: аудан прокуроры, АІІД басшысы, аудандық аурухананың қызметкерлері. Олар үш адамның да мәйітін қарап шықты, олардың қайтыс болғандығын айтып, медициналық сараптамаға жіберді. Олардың найзағайдан қаза тапқаны анықталды", - дейді әкім. 

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысында 12 жастағы жасөспірім найзағай ұрып қаза тапқан, оны құтқаруға келгендер де найзағайдан опат болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети