25 мамыр 2015 10:43

"Старомодный" мейрамханасының бас аспазына санитарлық нормаларды бұзды деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Адамдар жаппай уланған "Старомодный" мейрамханасының бас аспазына санитарлық нормаларды бұзды деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Адамдар жаппай уланған "Старомодный" мейрамханасының бас аспазына санитарлық нормаларды бұзды деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жиналған деректерге байланысты осы мейрамхананың бас аспазының үстінен ҚР ҚК 301-бабының 1-тармағына сәйкес (санитарлық талаптар мен гигиеналық номаларды бұзу) қаулы шығарылды", - делінген хабарламада. Қылмыстық іс прокуратураға жіберілді. Кейін сотқа жөнелтілетін болады.

Еске сала кетейік, осы жылдың наурыз айының соңында Астанада мейрамханаға барған 19 адам ауруханаға түскен болатын. Мейрамхананың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 6 сәуірде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі жаппай уланудың себептері анықталғанын айтты. Комитеттің мәліметінше, мекеменің аспазы мен екі даяшысынан және жартылай фабрикатталған дайын тағамдардың қалдығынан Salmonella enteritidis табылды. Шикі азық-түлікте ішек таяқшаларының бар екені анықталды. Сонымен қатар, "Старомодный" мейрамханасының тағы бір қызметкерінен автоматты түрде қауіп төндіретін шартты-патогендік микрофлора анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети