Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Су-27 апаты: Ұшқыштардың отбасына пәтер мен 2 миллион теңге беріледі

26 Қыркүйек 2014, 14:40
0
Ерлан Науанов. ©24.kz
Ерлан Науанов. ©24.kz
Денис Горбунов. ©24.kz
Денис Горбунов. ©24.kz

Алматы облысының әкімдігі Су-27 ұшағының қайтыс болған пилоттарының отбасына пәтер мен екі миллион теңге бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, Су-27 23 қыркүйекте апатқа ұшыраған болатын.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жойғыш ұшақ ұшқыштары - Ерлан Науанов пен Денис Горбуновтың отбасына көңіл айтты. Облыс басшысы олардың кәсіби біліктілігін атап өтті. Баталов отбасыларға пәтер сатып алу үшін ақшалай көмек және тағы 2 млн теңге берілетінін айтты.

"Жас, батыл, күшті, талантты офицерлер, өз ісінің білгірлері өмірден өтті. Мұндай азаматтардан айырылу - бәріміз үшін ауыр қаза. Біз өз тарапымыздан марқұмдардың отбасына қолдан келген көмегімізді көрсетеміз. Жергілікті бюджеттен әр отбасыға материалдық көмек ретінде екі миллион теңгеден бөлінді. Облыстық мәслихаттың шешімінен кейін марқұмдардың отбасына пәтер алуға қаражат бөлінетін болады", - деді Баталов.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заң бойынша қайтыс болғандардың отбасына бесжылдық ақшалай қамтамасыз ету көлемінде біржолғы өтемақы төленеді. Үкіметтің қаулысына сәйкес, 80 АЕК көлемінде жерлеу шығыны төленеді. (1 АЕК - 1852 теңге).

Бұған дейін Су-27 апатының орнынан борт жазбалары табылғаны хабарланған болатын. Олардың бірі ұшу параметрлерін, екіншісі пилоттар мен база арасында әңгімені жазып алған. Қосымша ақпарат арнайы комиссияның жұмысынан соң жария етіледі. Куәгерлердің айтуынша, жойғыш ұшақ әуеде жарылған. 

Су-27 апаты оқу-жаттығу ұшулары кезінде болды. Ұшақ Талдықорғаннан 100 шақырымдағы Көксу елді мекені ауданына құлады. Оның қалдықтары апат орнынан 500 метрден артық радиусқа ұшқан. Әуе апатының себебін анықтау үшін Қорғаныс министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылды. Барлық жорамалдар қарастырылып жатыр. Ұшақтың 2009 жылы Беларусьте күрделі жөндеуден өткені белгілі және тағы үш жыл пайдалануға жарамды.  Ұшқыштардың денесі апаттан бір күннен соң табылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай