Subaru бар жылдамдығымен қоқыс тазалаушы көлікпен соқтығысты 22 қазан 2017, 13:34

Алматыда Subaru маркалы автомобилі бар жылдамдығымен қоқыс тазалаушы көлікті соқты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта Мұстафин көшесін өткеннен кейінгі орналасқан жолайрықтың астында болды.
Қоқыс тазалаушы көліктің жүргізушісі жолдың оң жақ бөлігімен қоқыс тазалап жүрген. Subaru маркалы автомобилі бар жылдамдығымен қоқыс тазалаушы көлікке соқтығысты. Тілшінің мәліметінше, Subaru жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.