27 маусым 2016 12:06

Суға ағып кеткен қызды іздеп жатқан петропавлдық еріктілер Омбы тұрғындарынан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© publika.md © publika.md

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне ағып кеткен 9 жастағы қызды іздестіру жұмыстарына еріктілер Омбы облысының тұрғындарынан көмек беруін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Om1.ru басылымына сілтеме жасап. Желідегі "ЧП Омск" тобында "Типичный Петропавловск" тобының хабарламасы жарияланған болатын.

"Құрметті Омбы қаласының тұрғындары! Сіздерден қызды іздестіру жұмыстарына көмек берулеріңізді сұраймыз. Кімде арнайы техника бар немесе жүзе алатын болсаңыздар, көмектесіңіздер. Көмектесулеріңізді өтінеміз!", - делінген "ЧП Омск" тобындағы хабарламада.

Еске салайық, оқиға 2016 жылдың 25 маусымында сағат 11:20-да қала түбіндегі Новопавловка ауылының маңындағы ауылының "Огонек" саяжайында болған. "Сол күні қыз атасы мен әжесінің үйінде қонақта болған. Атасымен бірге балық аулауға кеткен. Қауіпті жерде шомылу барысында екеуі де суға кеткен. Атасы құттқарылып, ал қызды ағын алып кеткен. Іздеу жұмыстарымен облыстық ТЖД қызметкерлері, жедел-құтқару жасағы, облыстық ТЖД апаттық-құтқару және өртсөндіру қызметінің өкілдері және жергілікті полиция қызметкерлері айналысып жатыр", - деп хабарлады ТЖК өкілдері. Айта кетейік, суға ағып кеткен 9 жастағы қызды іздеуге 300 адам жұмылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети