Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Сүтте сібір жарасы бар деп қауесет таратқан әйел өз әрекетін түсіндірді

27 Шілде 2016, 16:13
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

WhatsApp мессенджері арқылы "Нәтиже" фирмасының сүт өнімдерінде сібір жарасының қоздырғыштары бар деп қауесет тауратқан Анастасия Щелупанова өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, компания әйел адамды қылмыстық жауапқа тартпайды.

Әйел адам сүт өнімдерінде ауру бар деген дыбыстық хабарламаны қастандық мақсатында жіберген жоқпын дейді. Ол кішігірім дүкеннің сатушыларынан Шет ауданында сібір жарасының шыққандығын естіп, "Нәтиже" компаниясы дәл сол ауданда сүт жинайтынын ескеріп, осындай шешімге келген. Ол өзінің жаласының қаншалықты зиянындығын ескермей, туыстарының денсаулығына алаңдап, дыбыстық хабарлама жіберген. Артынша бұл хабарлама ауданды және басқа да өңірлерді шарлаған.

"Мен сауда саласында жұмыс істемеймін. Сондықтан "Нәтиже" компаниясына бәсекелес емеспін. Мен WhatsApp арқылы өзім істейтін әріптестеріме жібердім, олар алты адам. Компанияның сотқа арыз түсіргенін БАҚ-тан білдім. Басында кешірім сұрайын деп ойладым, алайда қорқып кеттім, қолымда өнімнің ауру жұққандығы туралы нақты мәліметтің жоқ болғанын білдім. Мен бұл хабарламаны сезімге беріліп, тек өзімнің жақындарыма тараттым, біздің топтан шығып кеткенін қаламаған едім. Мен олардан тек жеке тазалықты сақтауды сұрағанмын. Қорыққаннан мен номерімді құлыптап тастадым", - дейді Щелупанова.

Әйел адам уақыт өте келе барлығы ұмытылады деп сенген. Алайда жағдай ушығып кеткен. Компания полицияға шағымданған. Қауесет таратушы Щелупанова екенін полицияға басқа біреулер айтқан. Компания басшысының айтуынша, Щелупанованың әрекеті кәсіпорынға 1 миллион 480 мың теңге шығын келтірген. 

"Дау осы аудиожазба үшін болып отыр. Мен бұл кезде шетелде жүргенмін. Бұл хабарлама маған басқа елдерден келіп түсті, Ресейден және Түркиядан. Біз арыз тастадық. Щелупанованың әрекеті жауапсыздық. Бұл керек десеңіз әйел адамға тән ақымақтық емес. Полиция бізге оны табуға көметесті. Сыйақы берілетіндігін естіген біреу бізге ол туралы ақпаратты жайып салды. Сосын оның қорғаушысы бізге келіп жолықты. Біз оны кешірдік, себебі ол кешірім сұрады. Арызды қайтып алдық. Оған қатысты іс тоқтатыла ма, жоқ па, мен білмеймін", - деді Әшім. Қорғаушы Дулат Мақыжановтың айтуынша, Щелупанова әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

Еске салайық, осыған дейін Павлодар облысында 25 адамның сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін екендігі хабарланған еді. Сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін деген адамдардан алынған сынамалардың республикалық зертханаға жіберілгені белгілі болды. Осылайша, әзірше Павлодар облысында сібір жарасын жұқтыру дерегі ресми түрде расталмады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай