20 ақпан 2018 15:09

Сүйгенінен айырылғысы келмей алып қашқан жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © kloop.kg Иллюстрациялық сурет © kloop.kg

Жауапсыз махаббат құрбаны болған жігіт қыздан айырылып қалудан қорқып, алып қашқан. Бұл туралы жігіттің адвокаты Руслан Шағатаев Facebook желісіндегі "Қазақстан адвокаттары" тобында жазыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жауапсыз махаббат құрбаны болған жігіт қыздан айырылып қалудан қорқып, алып қашқан. Бұл туралы жігіттің адвокаты Руслан Шағатаев Facebook желісіндегі "Қазақстан адвокаттары" тобында жазыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шағатаевтың сөзінше, жігіт 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Мен қорғайтын жігіттің махаббаты жауапсыз болды, қыздан айырылып қалудан қорқып, былайша айтқанда қазақша салт бойынша оны алып қашып, үйіндегілермен таныстырмақ болған. Досын көмекке шақырған, ол өзге достарына айтқан. Осылайша төрт жігіт қызды ұрлап, жігіттің үйіне әкеледі. 40 минуттан кейін полиция келіп, қыз бен жігітті бөлімшеге алып кетеді", - деп жазыпты ол қызды ұрлау зорлық-зомбылықсыз өткенін атап өтіп. 

"Үйге келгенде қыз жігітке тап беріп, бетінен ұра жөнелген. Жігіт оны есіне келтіру үшін шапалақпен бір тарқан. Осыдан қыздың бетінде із қалған. Қандай да бір ауыр салдары жоқ. Ауруханаға көмек сұрап барған жоқ. Қазір айыпталушылар кінәсін мойындады. Алайда қыз әкесінің ықтиярымен кешірім бермеді және соттан оларды бас бостандығынан айыруды сұрап отыр", - дейді адвокат. 

"(...) Санкция сұмдық - 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Жігіттерге обал болды. Жас, ақымақтау. Бастысы - олар қоғам үшін еш қауіпті емес", - деп атап өтті ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети