01 ақпан 2017 13:25

Таиландтағы қонақүйлердің бірінде қазақстандық азамат өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© airhometoursntravels.com © airhometoursntravels.com

Қазақстанның 41 жастағы азаматының денесі Паттайядағы қонақүйлердің бірінен табылды, - деп хабарлайды asiaone.com басылымы.


Қазақстанның 41 жастағы азаматының денесі Паттайядағы қонақүйлердің бірінен табылды, - деп хабарлайды asiaone.com басылымы.

Басылымның мәліметінше, қонақүй қызметкерлері 3-қабаттта орналасқан №327 бөлмеден қатты иісті сезген. Онда 41 жастағы ер адамның мәйіті жатқан екен. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 2 күн бұрын қайтыс болған.

Паттайя полициясының лейтенанты Паттанан Сомнуананың айтуынша, ер адамның мәйітін ашу үшін және өлімнің себебін анықтау үшін ауруханадағы сот медицина институтына жіберілді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері осы жағдайға қатысты түсінік беруге уәде берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети