07 қаңтар 2015 18:12

Тәжікстанда 11 адамы бар шағын автобус таудан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©butter-walk.narod.ru ©butter-walk.narod.ru

Тәжікстанда жүргізушісімен қосқанда 11 адамы бар шағын автобус 40 метр биіктіктен сайға құлап кетті, - деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі Тәжікстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"7 қаңтар күні таңертеңгі 04.00-де Соғды облысының Мастчо ауданынан шыққан Hyundai Starex шағын автобусы таудағы автожолмен келе жатып, басқаруға ие бола алмай, 40 метрге жуық биіктіктен өзенге құлап түсті. Шағын автобуста болған барлық 11 адам қайтыс болды", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қаза болғандардың арасында бір әйел мен кішкентай сәби бар. Агенттіктің мәліметінше, Тәжікстан аумағының 90 пайызы таулы болғандықтан, ондай жерлердегі автожолдарда жол-көлік оқиғалары жиі болып тұрады. Оның үстіне, елде жолаушыларды шамадан тыс тиеп алып жүретін автокөліктер көп. Айталық, Hyundai Starex шағын автобусына жүргізушіні қосқанда барлығы тоғыз адам ғана отыруы керек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети