30 желтоқсан 2016 09:28

Талдықорған маңында жол апаты болды: Екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Алакөл ауданында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының Алакөл ауданында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлбай мен Қойлық ауылдарының арасындағы қар жапқан тасжолда Toyota мен Audi көліктері соғысқан. Куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан Audi көлігінің алдыңғы жолаушы орындығында отырған ер адам қаза тапқан. Кейін анасының қолындағы емшектегі нәресте қаза болған. 

"Жедел жәрдем қызметіне телефон шала алмадық. Талдықорғандағы таныстарымызға хабарласып, жедел жәрдем жіберуін сұрадық", - дейді куәгер.

Зардап шеккендер жайлы басқа мәліметтер жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети