04 наурыз 2017 22:56

Талдықорғанда банкомат екі адамға бір купюра шығарып берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ғалымұрат Жүкел © Ғалымұрат Жүкел

Талдықорғанда банкомат клиентке жыртық ақша шығарып берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға туралы жазба әлеуметтік желіде пайда болды.


Талдықорғанда банкомат клиентке жыртық ақша шығарып берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға туралы жазба әлеуметтік желіде пайда болды.

"Біздің банкоматтар қызық. Батыста біреуге шимайланған купюра берілгені естеріңізде ме? Бүгін QAZKOM маған жыртылған купюра берді, анығында 5 мың теңгелік ақшаның қиқымы", - деп мәлімдеді жазбаның авторы Ғалымұрат Жүкел бүлінген купюраның суретін жариялап.

Айтуынша, ол банкоматтан көп ақша алмаған, шыққан купюралардың арасында жыртылғаны болған. "Ең қызығы, купюраның екінші бөлігін алған адам табылды. Ол маған Facebook желісінде жазды. Келесі күні кездесіп, ақшаның бүлінген тұстарын сәйкестендіріп көрдік, дәл келіп тұр. Мен ақша алған күні ол да осы банкоматтан ақша шешіпті. Бірақ алып жатқанында купюра қысылып қалған. Қаттырақ тартып қалғанда купюра бүлінген. Кездесуімізден кейін ол банк бөлімшесіне барды, онда оның бүлінген ақшасының орнына басқасын беріпті", - деді Ғалымұрат Жүкел.


© Ғалымұрат Жүкел

Еске салайық, Атырау банкоматтарының бірінен қолма-қол ақша шығару кезінде номиналы екі мың теңге болатын арнайы "пара" деген белгісі бар ақша шыққан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети