28 қазан 2015 19:05

Талдықорғанда жолаушылар автобусынан өрт шығып, жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда жолаушылар автобусы жанып кетті. Көліктен бастапқыда өрт шыққан, кейін жарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорғанда жолаушылар автобусы жанып кетті. Көліктен бастапқыда өрт шыққан, кейін жарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 28 қазанда Қабанбай батыр көшесінде кешкі уақытта болған. Автобустан өрт шыққан кезде салонда 24 адам болыпты. Жүргізуші оларды шығарып, өзі де көліктен шығып үлгерген. Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметі келді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды.


Куәгерлер жолдаған сурет 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети