21 қараша 2016 10:35

Талдықорғанда жылыту пеші жарылып, екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда жылыту пеші жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Төтенше жағдай 20 қарашада Щорс көшесіндегі №29 тұрғын үйде болған.

Сағат 19.00-де ТЖД-не жылыту пешінің жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жарылыс салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тапқан. Сондай-ақ, бір адам сол аяғын жарақаттап, Талдықорғандағы ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайды орташа тұрақты деп бағаланып отыр.

"Түтіндік тазаланбаған немесе мұздап қалған кезде пеш жағып жылытуға болмайды. Түтіндіктерді дер кезінде тазартуға кеңес береміз, яғни айына 1-2 рет тазалау қажет. -1 градус аяз кезінде жылыту пештерін күніне бір рет, қажет болса бірнеше рет жағу қажет", - деді департамент өкілдері.

© Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети