Талдықорғанда ірі монша кешені өртенді

18 Қазан 2017, 13:33
0
Талдықорғанда ірі монша кешені өртенді - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Талдықорғанда ірі монша кешені өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, өртті сөндіруге 10-нан аса арнайы техника тартылған. 

"Қазіргі уақытта өртті сөндіру шаралары жүргізіліп жатыр. 10-нан аса арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Толығырақ мәлімет кейінірек хабарланады", - деді Азамат Жұртбаев. 

Сонымен қатар, Талдықорған ІІБ күштері өрт болып жатқан аумақты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршауға алды.  

Өрт Астана уақыты бойынша 12:54-те сөндірілді. Өрт аумағы - 850 шаршы метр. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай